Астанада өтіп жатқан волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған командалар белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жартылай финалдың алғашқы ойынында «Жайық» пен «Атырау» командалары алаңға шықты. Кездесу өте тартысты өтіп, бес партияға созылды. Матч барысында «Атырау» 2:0 есебімен алға шыққанымен, «Жайық» есепті теңестіре алды. Дегенмен шешуші сетте атыраулықтар басымдық танытып, финалға өтті.
Екінші жартылай финалда «Жетісу» мен «Ақтөбе» командалары күш сынасты. Бес партияға созылған драмалық матчта «Жетісу» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Осылайша, Қазақстан кубогының финалында «Жетісу» мен «Атырау» командалары кездеседі. Шешуші ойын 18 желтоқсан күні өтеді.
Фото: atyrau_vc