457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Волейбол: «Қуаныш» камбэк жасады

Шешуші матчтар 12 сәуірде өтеді.

Елордадағы «Барыс Аренада» волейболдан плей-офф кезеңінің алғашқы матчтары өтті.

Жартылай финалдың алғашқы кездесуінде қазіргі чемпион «Жетісу» командасы Қазақстан кубогының иегері – түркістандық «Тұранға» еш мүмкіндік қалдырмады.

Марко Гршич шәкірттері бір сағатқа жетпейтін уақытта қарсыласын 3:0 (25:17, 25:14, 25:8) есебімен ойсырата жеңіп, екі жеңіске дейінгі серияда 1:0 есебімен алға шықты.

Келесі ойында петропавлдық «Қуаныш» пен өскемендік "»Берел» командалары кездесті.

Алғашқы екі партияда «Берел» басым болды. Шығысқазақстандық ұжым әр сетте алға шығып, қарсыластарына есепті қысқартуға мүмкіндік берген жоқ.

Алайда Юрий Панченко жетекшілік ететін «Қуаныш» үшінші және төртінші партияларды сенімді түрде жеңіп, ойын тағдырын тай-брейкке жеткізді.

Шешуші бесінші сетте 5:12 есебімен ұтылып жатқан «Қуаныш» волейболшылары керемет камбэк жасап, есепті теңестірді. Кейін үшінші матчболда жеңісті жұлып алып, тартысты кездесуді 3:2 (23:25, 21:25, 25:10, 25:20, 17:15) есебімен өз пайдасына аяқтады.

Шешуші матчтар 12 сәуірде өтеді. Сол күні финалға жолдама алған командалар мен жүлдегерлер анықталады.

Фото: Вячеслав Айкин