Мәзір
Жаңалықтар

Волейбол: Қазақстан кубогы «Қуаныш» пен «Тұран» арасында сарапқа салынады

Сабина Асқарқызы 111 қаралым
Волейбол: Қазақстан кубогы «Қуаныш» пен «Тұран» арасында сарапқа салынады

Өскемен қаласында волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының финалистері анықталды. Жартылай финалдағы тартысты ойындар жанкүйерлерге нағыз спорттық драма сыйлады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алғашқы жартылай финалда елдің тоғыз дүркін чемпионы, өткен жылғы кубок иегері «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы) кездесті. Кездесу бес партияға созылып, аса тартысты өтті. Шешуші сетте Юрий Панченко шәкірттері мінез көрсетіп, 15:10 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды нәтиже — 3:2. «Қуаныш» сапында команда капитаны Сана Анақұлова, сондай-ақ Аннет Альфонсо Бенитес пен Светлана Николаева шабуылда ерекше көзге түсті.

Екінші жартылай финалда алаң иелері «Берел» мен Түркістанның «Тұран» командасы шеберлік байқасты. Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын түркістандықтар ойын тізгінін өз қолына алып, төрт партияда жеңіске жетті — 3:1. «Тұран» құрамында капитан Ирина Кузнецова бастаған бірқатар ойыншы тұрақты әрі сенімді өнер көрсетті.

Осылайша, Қазақстан кубогының финалында «Қуаныш» пен «Тұран» алтын жүлде үшін таласады. Ал «Жетісу» мен «Берел» қола медальды сарапқа салады.

 

 

Фото: qaz-media.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар