457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Волейбол: «Берел» Өскеменде «Тұранды» жеңді

Бұл жеңістен кейін «Берел» 49 ұпай жинап, турнир кестесіндегі үздік үштікті түйіндеп тұр.

Өскемен және Петропавл қалаларында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші кіші тур ойындары басталды.

Өскемен қаласында «А» тобындағы орталық кездесуде алаң иелері – «Берел» командасы Түркістанның «Тұранымен» кездесті.

Өткен маусымда күміс жүлдеге қол жеткізген өскемендік ұжым бұл жолы да жоғары деңгейін көрсетті. Ал Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «Тұран» клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогын жеңіп алған болатын.

Кездесуде сербиялық маман Владимир Басович баптайтын «Берел» ойыншылары алғашқы екі партияда айқын басымдық танытты – 25:18 және 25:14. Үшінші сетте «Тұран» 9:1 есебімен алға шыққанымен, алаң иелері таразы басын өздеріне аудара алды. Өскемендік команда есепті теңестіріп қана қоймай, шешуші сәтте басым түсіп, партияны 25:23 есебімен аяқтады.

Осылайша, матч 3:0 есебімен «Берелдің» пайдасына шешілді.

Бұл жеңістен кейін «Берел» 49 ұпай жинап, турнир кестесіндегі үздік үштікті түйіндеп тұр. Түркістандық «Тұран» төртінші орында орналасқан. Ал «Алматы» командасын 3:0 (25:23, 25:6, 25:10) есебімен ұтқан Талдықорғанның «Жетісу» клубы 64 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді.

Ал Петропавл қаласында «В» тобындағы ойындар өтті. Бұл топта «Астана» командасын 3:0 есебімен жеңген «Қуаныш» клубы 57 ұпаймен екінші орнын нығайтты.

Тағы бір кездесуде Ақтөбе командасы тартысты өткен ойында турнир кестесінде бесінші орында тұрған «Қарағандыны» 3:2 есебімен (24:26, 25:17, 25:23, 22:25, 16:14) жеңіп шықты.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай