Мәзір
Жаңалықтар

Владислав Киреев биатлоннан Әлем кубогын жүлдесіз аяқтады

Сабина Асқарқызы 124 қаралым
Владислав Киреев биатлоннан Әлем кубогын жүлдесіз аяқтады

Эстерсундте (Швеция) биатлоннан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Соңғы жарыс күнінде із кесу сайысы өтті. Қазақстан құрамасынан осы жарысқа жалпы нәтиже бойынша тек Владислав Киреев жолдама алды.
Ол жарысты 45-ші орында бастап, мәреге 35-ші болып жетті. Киреев маусымдағы алғашқы алты ұпайын еншілеп, жалпы есепке үлес қосты.
Франция спортшысы Кентен Фийон-Майе жеңімпаз атанды. Екінші орынға швециялық Себастьян Самуэльссон, ал үшінші орынға норвегиялық Йохан-Олав Ботн жайғасты.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар