457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Виктор Друзин Әлем кубогының суперфиналында қола жүлде жеңіп алды

Канададаның Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, төрешілерден 235.4583 ұпай алды. Бұл нәтиже оған жарыстың қола жүлдесін иеленуге мүмкіндік берді.

Бірінші орынды Ранджуо Томблин иеленіп, 249.2033 ұпай жинады. Ал күміс медаль Муе Гоға бұйырды. Оның нәтижесі – 245.6576 ұпай.

Виктор Друзиннің бұл жетістігі Қазақстан құрамасының халықаралық аренадағы табысты өнерінің кезекті дәлелі болды.

 

Фото: ҰОК