457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

VI Ислам Ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан медальдық есепте 4-орынға көтерілді

Бұл нәтижемен еліміз жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының кезекті жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды  malimsports.kz.

Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржыны 8 медальмен (4 алтын, 1 күміс және 3 қола) толықты. Бұл нәтижемен еліміз жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Кезекті жарыс күнінің үздік нәтижесін ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы көрсетті. Ол жұлқа және серпе көтеруде, сондай-ақ қоссайыс бойынша үш бірдей алтын медаль иеленді. Каратэден (WKF) Никита Тарнакин де жеңімпаз атанды. Жүзуден ерлер құрамамыз 4x100 метрлік кешенді эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді. Ауыр атлетикадан Аянат Жұмағали серпе көтеру және қоссайыс бойынша екі қола медаль иеленсе, каратэші Жоламан Биғабыл да жарысты үшінші орынмен аяқтады. Медальдық есеп:

1. Түркия - 68 медаль (43 алтын, 14 күміс, 11 қола)

2. Мысыр - 27 (10 алтын, 6 күміс, 11 қола)

3. Өзбекстан - 34 (9 алтын, 16 күміс, 9 қола)

4. Қазақстан - 26 (8 алтын, 7 күміс, 11 қола)

5. Нигерия - 14 (6 алтын, 5 күміс, 3 қола)

6. Индонезия - 20 (4 алтын, 12 күміс, 4 қола)

7. Әзірбайжан - 29 (4 алтын, 9 күміс, 16 қола)

8. Иран - 22 (4 алтын, 4 күміс, 14 қола)

9. Бахрейн - 6 (2 алтын, 2 күміс, 2 қола)

10. Уганда - 4 (2 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Ертең қазақстандық спортшылар жүзу, үстел теннисі (жұптық сын), ауыр атлетика, каратэ (WKF) және муай-тайдан бақ сынайды.