457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Венесуэла бейсболдан алғаш рет әлем чемпионы атанды

Жеңістен кейін Венесуэланың уақытша президенті Дельси Родригес 18 наурызды ұлттық мереке күні деп жариялап, бұл күнді демалыс деп жариялады.

Венесуэла құрамасы Бейсболдан әлем чемпионаты финалында АҚШ командасын жеңіп, тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

Майамидегі LoanDepot Park стадионында өткен шешуші кездесуде венесуэлалықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Финалға дейін олар жартылай финалда Италия құрамасын 4:2 есебімен ұтқан.

Бұл – Венесуэла бейсболшылары үшін алғашқы әлемдік титул. Бұған дейін олардың ең үздік нәтижесі 2009 жылғы қола жүлде болған еді.

Турнир Жапония, Пуэрто-Рико және АҚШ аумағында өтіп, финал Майами қаласында ұйымдастырылды. Айта кетейік, АҚШ құрамасы екінші жыл қатарынан финалда жеңіліп отыр: 2023 жылы олар Жапониядан дәл осындай 2:3 есебімен ұтылған.

Жеңістен кейін Венесуэланың уақытша президенті Дельси Родригес 18 наурызды ұлттық мереке күні деп жариялап, бұл күнді демалыс күні етті. Ол халықты тарихи жеңісті кең көлемде атап өтуге шақырды.

Фото: Getty Images