457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Велоспорт: Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды 

Ол 20 шақырым қашықтықта ең жылдам болып бағындырды. 

Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласындағы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды, деп хабарлайды malimsports.kz 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер арасында (элита санаты) уақытқа жарыста Ұлттық құрама спортшысы Рината Сұлтанова үздік шықты. Ол 20 шақырым қашықтықта ең жылдам болып бағындырды. 

Әйелдер, 20 км. Финал нәтижесі: 
1. Рината Сұлтанова (Қазақстан) 
2. Йе Вин Лун (Қытай Гонконг)
3. Хао Чжан (Қытай)
Бұл дисциплинада (31 км) ерлер ертең сынға түседі. Спорттың бұл түрінен Азия чемпионатын Сауд Арабиясы алғаш рет қабылдап жатыр. Бәсеке 11 ақпанда мәресіне жетеді.

Фото: ҰОК