Мәзір
Жаңалықтар

Велошабандоз Анель Ташбай Азия ойындарында топ жарды

Сабина Асқарқызы 236 қаралым
Велошабандоз Анель Ташбай Азия ойындарында топ жарды

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Анель Ташбай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына бесінші алтын медаль салды, деп жазады malimsports.kz. 

Ташбай жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Спортшы қашықтықты 17:06.05 уақытта жүріп өтті.

Күміс жүлдені қытайлық Аофэй Син (17:25.08) иеленсе, қола медаль Чин Лоуға (Гонконг) бұйырды (17:40.41).

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес алтын медаль бар. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар