457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Варшавадағы Еуропа кубогында қазақстандық дзюдошылар бес медаль еншіледі

Польшаның Варшава қаласында өткен дзюдодан Еуропа кубогы турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары табысты өнер көрсетіп, бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыздың еншісінде бір алтын, бір күміс және үш қола жүлде бар.

60 келіге дейінгі салмақта финалда екі қазақстандық дзюдошы – Сұңғат Нұрлатұлы мен Тоқтар Умуталиев өзара мықтыны анықтады. Қорытындысында Тоқтар Умуталиев алтын медаль иеленсе, Сұңғат Нұрлатұлы күміс жүлдегер атанды.

Ал Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) және Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін) қола медальға қол жеткізді.

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогы жарысының жалпыкомандалық есебінде бесінші орынға тұрақтады.

 

 

 

Фото: ҰОК