Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы кезекті жетістікке жетті. Команда ел қоржынына үшінші жүлдені салды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін қыздар арасындағы жеке жарыс өтті. Қазақстандық спортшы Валерия Кузнецова мәреге екінші болып келіп, күміс медаль иеленді. Жарыстың жеңімпазы өзбекстандық Гулхаё Сатторова болса, үздік үштікті гонконгтық Чин Киу Лоу қорытындылады.
Басқа қазақстандық спортшылар да жақсы нәтиже көрсетті: Анель Ташбай – 9-орын, Ирина Ивановская – 10-орын, ал Карина Мискова – 19-орын алды.
Айта кетсек, бұл – Қазақстан құрамасының тас жолдағы велоспорттан жасөспірімдер Азиадасындағы үшінші медалі. Бұған дейін аралас команда мен Анель Ташбай алтын медаль жеңіп алған болатын.
Фото: ҰОК