Мәзір
Жаңалықтар

Үстел теннисінен WTT Contender турнирі: қазақстандық спортшылардың плей-оффтағы нәтижелері

Сабина Асқарқызы 145 қаралым
Үстел теннисінен WTT Contender турнирі: қазақстандық спортшылардың плей-оффтағы нәтижелері

Алматыда өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Contender турнирінде қазақстандық спортшылар плей-офф кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жекелей сын

Алан Құрманғалиев аустралиялық Хван Бейден 3:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты. Ол келесі айналымда қытайлық Чен Юнсонмен кездеседі.

Аралас жұптық сын

Владислав Захаров пен Ангелина Романовская Искендер Харки / Сарвиноз Миркадировадан 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Енді олар қытайлық жұп Сюэ Фэй / Цянь Тяньимен күш сынасады.

Ерлер арасындағы жұптық сын

Қазақстандықтар Искендер Харки мен Ирисбек Артықметов вьетнамдық Нгуен Ань Ту / мексикалық Лайан Нойманнды 3:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдады. Ширек финалда олар жапониялық Сорри Мацусима мен Сюнсуке Тогамиге қарсы шығады.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар