Мәзір
Жаңалықтар

Үстел теннисінен Астанадағы мықтылар турнирі аяқталды

Сабина Асқарқызы 148 қаралым
Үстел теннисінен Астанадағы мықтылар турнирі аяқталды

Елордада үстел теннисінен Қазақстанның ең мықты спортшылары бас қосқан турнир аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жарысқа ұлттық рейтингіде жоғары тұрған 12 ер және 12 әйел спортшы қатысты. 

Жеңіс тұғырының биік сатысына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан ұлттық құрамасының үстел теннисшілері Айдос Кенжіғұлов пен Зәуреш Ақашева көтерілді.

Ерлер

1-орын – Айдос Кенжіғұлов (Алматы)

2-орын – Санжар Жұбанов (Алматы)

3-орын – Ырысбек Артукметов (Шымкент)

Әйелдер

1-орын – Зәуреш Ақашева (Қарағанды)

2-орын – Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)

3-орын – Әнел Бақыт (Алматы)

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар