457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Усик мансабындағы соңғы жекпе-жегін кіммен өткізетінін айтты

Оның ықтимал қарсыласы – WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер.

Украиналық боксшы Александр Усик кәсіпқой мансабындағы қоштасу жекпе-жегін ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz INFORMSPORTS-қа сілтеме жасап. 

Оның ықтимал қарсыласы – WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер.

Усиктің айтуынша, оның командасы Zuffa Boxing ұйымымен келіссөз жүргізіп жатыр. Боксшы соңғы кездесуін АҚШ-та өткізуге ниетті.

«Неге өткізбеске? Егер Деонтейдің командасы мұны қаласа, мен дайынмын. Бұл - ақша, бизнес... Қазір бізде екі нұсқа бар. Мен үшін ең тиімдісін таңдаймыз. Команда осы бағытта жұмыс істеп жатыр», - деді Усик The Athletic басылымына берген пікірінде.

Александр Усик кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрген жоқ. Оның еншісінде 25 жеңіс бар, соның 16-сын нокаутпен аяқтаған. Украиналық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін 2013 жылдың қарашасында өткізді.

Бұған дейін Усик ауыр салмақтағы WBC, WBA және IBF чемпиондық белбеулерінен бас тартқан болатын. Дегенмен ол спорттан бірден кетпейтінін айтып, алда өзінің «соңғы биі» бар екенін мәлімдеді.

Усик мансабындағы соңғы жекпе-жегін АҚШ-та Деонтей Уайлдерге қарсы өткізгісі келетінін де жасырмады. Қазіргі уақытта тараптар ықтимал кездесуді ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатыр.

Фото: ©Depositphotos/DmitryNiko©