ҰОК спорт менеджментінің негіздері бойынша оқытуды бастады
Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы университетінде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мамандары «Спорт менеджментінің негіздері. Спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында оқу семинарын өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іс-шараға «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» кафедрасының 1-2 курсында оқитын 100 студент қатысты.
Семинар барысында ҰОК өкілдері Олимпиада қозғалысының рөлі мен Олимпиада ойындарының маңызы жөнінде әңгімелеп, допингке қарсы саясат, спорттық мансаптың аяқталғаннан кейінгі кәсіби даму, спорттағы қауіпсіздік және манипуляцияның алдын алу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ҰОК-тың спорттық ұйымдармен өзара жұмысы туралы ақпарат берілді.
Фото: ҰОК
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған