Мәзір
Жаңалықтар

Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

MalimSports 86 қаралым
Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатында жүлдесіз қалды

Бокстан Ұланбатырда өтіп жатқа Азия чемпионатында 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек 1/4 финалда әлем чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Пунрауе Руенроспен кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz. 
3 раундқа жалғасқан айқаста отандасымыз белсенді болуға тырысқанымен, Пунрауе Руенрос жылдам әрі дәл соққыларымен жеңісті өз еншісіне жазды. Есеп: 0:5.
Қос боксшы 2024 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында да жұдырықтасып, Таиланд өкілі жеңіске жеткен еді.

Бүгін шаршы алаңға шыққан Айгерім Сәттібаева жартылай финалға жолдама алды. 48 келіде сынға түсіп жатқан тараздық боксшы Өзбекстанның танымал былғары қолғап шеберінен айласын асырды. 

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар