Ұлыбритания өз мәнерлеп сырғанаушыларын жазалауға қатысты шешімге қарсылық білдірді
Ұлыбританияның коньки спорты федерациясы Прагада өткен әлем чемпионатында мұздағы би шеберлері Лайла Фир мен Льюис Гибсонның бағасына қатысты ISU-ға ресми түрде наразылық білдіріп, бұл жағдайды жіті тергеуді талап етті, деп жазады malimsports.kz.
Британдық спортшылар ритм-би бағдарламасынан кейін үшінші орында тұрған еді. Алайда еркін бағдарламада оларға «рұқсат етілмеген элемент» үшін екі ұпай шегерілді.
Осының салдарынан Фир мен Гибсон еркін бағдарламада бесінші орынға түсіп, қола жүлдеден қағылды. Олар америкалық жұп - Эмилия Зингас пен Вадим Колесникке небәрі 0,22 ұпай айырмасымен есе жіберді.
Британ федерациясы төрешілер шешімін қате деп бағалап отыр. Айыптың нақты себебі ресми түрде жарияланбағанымен, BBC мәліметінше, ол қолдау элементінің (поддержка) биіктігіне байланысты қойылған болуы мүмкін.
Мұздағы би жарысында жеңісті франциялық жұп - Лоранс Фурнье-Бодри мен Гийом Сизерон жеңіп алды. Айта кетейік, Фир мен Гибсон - 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері әрі Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегерлері.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған