Ұлттық құрама командасы Сурдлимпиада-2025 жарысына қатысу үшін Токиоға келді
Қазақстанның ұлттық құрама командасы Сурдлимпиада-2025 жарысына қатысу үшін Токио қаласына келді, деп жазады malimsports.kz.
Жапонияның Токио қаласында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары басталады. Жарыстар 26 қарашаға дейін жалғасады.
Биылғы ойындарға 80 елден шамамен 3 000 спортшы қатысады. Олар 21 спорт түрі бойынша 223 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінде бақ сынайтын 78 спортшыдан тұрады: жеңіл атлетика, еркін және грек-рим күресі, дзюдо, бадминтон, үстел теннисі, жүзу және таеквондо.
XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының ашылуында Қазақстанның Мемлекеттік Туын ұлттық дзюдо құрамасының спортшылары Айдос Тугельбаев пен Анна Краморова алып шығады.
Фото: ҚР спорт комитеті
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған