Украина спорт министрі ХОК шешіміне наразылық білдірді
Украина спорт министрі МОК-тың ресейлік жасөспірімдерді жарыстарға қайта қосу шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Украинаның жастар және спорт министрі Матвей Бедный Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) Ресей және Беларусьтің жас спортшыларын халықаралық жасөспірімдер турнирлеріне қатысуға қайта рұқсат беру жөніндегі шешімін сынға алды.
ХОК-тің атқарушы комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларының жасөспірімдер арасындағы жарыстарға өз елдерінің жалауы астында қатысуына шектеу қоймауға ұсыныс жасаған болатын.
Бедныйдың айтуынша, бұл шешім әлемде Украинаға қатысты қалыптасқан жалпы жағдайдың заңды жалғасы.
«Украина айналасындағы оқиғалардың жалпы контекстіне сай келмейтін ештеңе болған жоқ. Ресей өз ықпалын жүргізу үшін барлық тәсілді пайдаланады: қысым, пара беру, шантаж - өзіне тиімді шешімдерді іздейді», - деп жазды министр Facebook-те.
Министр украиналықтарға тек өздеріне ғана сену керектігін айтты.
«Біз үшін ешкім күреспейді. Өзіміз ғана күресуіміз керек, өзгелерден жанашырлық күтуді доғарыңыздар», - деді Бедный.
Оның пікірінше, украин спортшылары жеңістерінен кейінгі баспасөз мәслихаттарында елінің туын көтеріп, өз күресі туралы айтып бере алады.
«Өз-өзіңді жетілдіру жолындағы табанды еңбек қана бізге халықаралық деңгейдегі шешімдерге ықпал ететін жұмсақ күш қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады министр.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған