Мәзір
Жаңалықтар

Уимблдон турнирінде Данилина мен Путинцева бір-біріне қарсылас атанды

Сабина Асқарқызы 58 қаралым
Уимблдон турнирінде Данилина мен Путинцева бір-біріне қарсылас атанды

Уимблдон турнирінде қазақстандық теннисшілердің жұптық сындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақпараттың жазуынша, еліміздің бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич жарыстың фавориттері қатарында өнер көрсетпек. 

«Үлкен дулыға» турнирінің 3-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина — А.Крунич алғашқы айналымда тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева — канадалық Лейла Фернандеспен шеберлік байқасады.

Сонымен қатар ерлер арасында қазақстандық Александр Бублик аустралиялық Ник Кирьоспен бірге додаға кірмекші. Бұл жұптың бастапқы қарсыласы — сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мате Павич.

Оған қоса тәжірибелі қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов Уимблдонда бақ сынап көрмекші. Олар нидерландылық Йеспер Де Йонг — франциялық Валентин Ройеден өтуге тырысып көреді.

Бүгін Уимблдонда жекелей сында қазақстандықтардан Юлия Путинцева мен Александр Шевченко жарысты алғашқы болып бастайды. 

Ю.Путинцева германиялық Татьяна Мариямен, А.Шевченко әлемнің 4-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен ойнайды. 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар