457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UFC Шавкат Рахмоновтың Ислам Махачевке қарсы титулдық жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Қазіргі таңда бұл салмақта чемпиондық белбеу Ислам Махачевтің қолында.

UFC-дің ресми сайты жартылай орта салмақтағы қазіргі жағдай туралы айтылған мақалада қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың чемпиондық жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне қатысты пікір айтылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазіргі таңда бұл салмақта чемпиондық белбеу Ислам Махачевтің қолында.

Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанынан бері октагонға шыққан жоқ. Оның қайта оралуына алған жарақаты, жасалған операция және ұзақ оңалту кезеңі кедергі келтіріп отыр. Соған қарамастан, UFC-дің жаңартылған рейтингінде Рахмонов жартылай орта салмақта үшінші орыннан екінші орынға көтерілді.

UFC материалында титулға үміткерлердің нақты тобы қалыптасқаны атап өтілген. Соңғы айларда Иэн Мачадо Гэрри, Майкл Моралес және Карлос Пратес маңызды жеңістерге жетіп, чемпиондық жекпе-жекке үміткер екендерін дәлелдеді. Гэрри мен Пратес бұрынғы чемпиондарды жеңсе, Моралес бірінші раундта техникалық нокаутпен Шон Брэди мен бұған дейін Гилберт Бёрнсті ұтып, толыққанды үміткер деңгейіне көтерілді.

Алайда мақалада Шавкат Рахмоновтың көлеңкеде қалып отырғаны да айтылған. Ол Иэн Мачадо Гэрриді жеңген файтер болғанына қарамастан, 2024 жылдың соңынан бері жекпе-жек өткізбеді. Дегенмен UFC кез келген аталған спортшыға Ислам Махачевке қарсы титулдық мүмкіндік беруі мүмкін екені және мұндай шешімге айтарлықтай дау туындамайтыны атап өтілді. 

Фото: Ашық дереккөзден