457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UFC қазақстандық файтерлерге допинг-тексеру жүргізді

Шавкат Рахмонов 2025 жылғы төртінші допинг-тексеруден өтсе, Асу Алмабаев алтыншы рет тексеруге сынама тапсырды. 

Отандық UFC шеберлері Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев кезекті допинг-бақылауға анализ тапсырды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Аталған жағдай туралы UFC ростеріндегі файтерлердің допинг-тесттерін тұрақты түрде бақылап отыратын UFC Drug Testing Watch парақшасы X әлеуметтік желісінде жазба жариялады. 

Бұл ретте жартылай орта салмақта сынға түсіп жүрген отандасымыз Шавкат Рахмонов 2025 жылғы төртінші допинг-тексеруден өткен. Ал ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтер Асу Алмабаев бұл жолы алтыншы рет тексеруге сынама тапсырды. 

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024  жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Отандасымыз сол кездесуде ирландиялық Иэн Гэрриден төрешілер шешімімен басым түсті. Өз кезегінде Асу Алмабаев 22 қарашада америкалық Алекс Пересті тұншықтыру әдісімен жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізген еді. 

Фото: Ашық дереккөзден