Мәзір
Жаңалықтар

UFC қазақстандық файтердің 2026 жылғы жекпе-жек уақытын жариялады

Сабина Асқарқызы 90 қаралым
UFC қазақстандық файтердің 2026 жылғы жекпе-жек уақытын жариялады

Америкалық UFC промоушені қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Әліби Ыдрыстың (11-1) 2026 жылғы алғашқы жекпе-жегін ресми түрде жариялады, malimsports.kz.

22 ақпанда 30 жастағы ақтөбелік спортшы АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өтетін UFC турнирі аясында америкалық файтер Оде Осборнмен (13-9) октагонға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тағы бір өкілі — дивизион рейтингінде жетінші орында тұрған Асу Алмабаев (23-3) UFC-дегі дебютін дәл осы Осборнға қарсы өткізген. Ол жекпе-жекте америкалық спортшыны екінші раундта сабмишн әдісімен жеңген болатын.

Еске сала кетсек, Әліби Ыдрыс UFC-мен келісімшартқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін The Ultimate Fighter реалити-шоуына қатысқан.

 

 

Фото: sportplustv.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар