457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UFC чемпионы ауыр жарақаттан кейін екі көзіне ота жасатты

Ол бұл жарақатты Сирил Ганмен өткен даулы айқаста алған болатын.

UFC-дің ауыр салмақтағы қазіргі чемпионы Том Аспиналл жекпе-жек барысында алған ауыр жарақат салдарынан екі көзіне операция жасатты, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол бұл жарақатты Сирил Ганмен өткен даулы айқаста алған болатын.

Спортшының Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, соңғы бірнеше ай бойы дәрігерлер командасы оның сауығу үдерісімен тығыз айналысқан.

«Екі көзіне жасалған операциядан кейін біз Томның көру қабілетін жекпе-жекке қажетті деңгейге жеткізу жолында жұмысты жалғастырып жатырмыз», - деп жазылған спортшы мен медициналық мекеменің бірлескен жазбасында.

Жанкүйерлер чемпионға жылы лебіздерін білдіріп, тезірек сауығып, октагонға оралуына тілектестік танытты. «Тез сауығып кет, чемпион!», «Сені тор ішінде қайта көргіміз келеді», «Ота – оңай емес, мықты бол!» деген сынды пікірлер қарша борады.

Сондай-ақ кейбір жанкүйерлер UFC ұйымы операция шығындарын өз мойнына алды ма деген сауал да жолдады.

Фото: Ашық дереккөзден