457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

UFC басшысы Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі туралы айтты

Бұған дейін Махачевтің менеджері Али Абдель-Азиз жекпе-жек шілде айына жоспарланғанын айтқан болатын.

UFC президенті Дэйн Уайт жартылай орта салмақтағы чемпион, ресейлік Ислам Махачев келесі жекпе-жегін тамыз айында өткізетінін мәлімдеді. Оның сөзін Red Corner MMA әлеуметтік желідегі X парақшасы жазды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұған дейін Махачевтің менеджері Али Абдель-Азиз жекпе-жек шілде айына жоспарланғанын айтқан болатын. Алайда Уайт бұл ақпаратты жоққа шығарды:

«Бұл дұрыс емес. Жекпе-жек тамызда өтеді», – деді ол.

Басқа мәліметтер жарияланған жоқ. Осыған дейін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия Махачевпен Ақ үйдегі турнирде жекпе-жек өтуі тиіс болғанын айтып, ресейлік спортшының жарақаты туралы ақпаратты айқастан қашу әрекеті деп бағалаған еді. Алайда UFC 326 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында Уайт Ақ үйде жекпе-жек өтетіні туралы ақпаратты жоққа шығарып, Махачевтің қолынан жарақат алғанын растады.

Кейін ирландиялық файтер Иэн Гэрри де ресейлік спортшының жарақатына күмән келтірді. Ол: «Соңғы жекпе-жекте (Джек Делла Маддаленамен) қолын жарақаттады дегенге сену қиын. Бұл тек сылтау сияқты», – деді.

14 наурызда журналист Рубен Картер Махачев пен Гэрри арасындағы жекпе-жек 30 мамырда Сауд Арабиясында өтетін UFC 329 аясында ұйымдастырылатынын хабарлаған. Бірақ 21 наурыздағы баспасөз жиынында Уайт Махачевтің келесі айқасы туралы айтуға әлі ерте екенін, себебі спортшы жарақатынан толық айықпағанын жеткізді.

34 жастағы Махачев соңғы рет октагонға 2025 жылдың қарашасында шығып, австралиялық Джек Делла Маддалена жеңіп, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленген еді. Оның ММА мансабында 28 жеңіс және 1 жеңіліс бар.

Фото: Getty Images