457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Türkiye Open: Қазақстан таеквондошылары 5 медальға қол жеткізді

Қазақстан командасы сапынан 10 спортшы бақ сынап, оның бесеуі турнир жүлдегері қатарына кірді.

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан Türkiye Open халықаралық турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ересектер арасындағы жарыс күні әйелдер бастады. Қазақстан командасы сапынан 10 спортшы бақ сынап, оның бесеуі турнир жүлдегері қатарына кірді:
 Айдана Құмартаева (-46 кг) - күміс;
 Нодира Ахмедова (49 кг) - қола;
 Мария Севостьянова (-53 кг) - қола;
 Айдана Сүндетбай (-57 кг) - қола;
 Назым Махмутова (+73 кг) - қола;
Турнирдің қорытынды күнінде ерлер арасындағы жекпе-жектер өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы сынға түседі.
Айта кетейік, Түркиядағы халықаралық додаға барлығы 30 елден 585 атлет қатысып жатыр.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы