Түркияның Анталья қаласында таеквондодан өткен Türkiye Open халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жарыстың соңғы күнінде ерлер құрамасы сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль салды.
Алтын медальді Батырхан Төлеуғали (-87 кг) U21 санатында жеңіп алды.
Күміс жүлдегерлер:
Абылайхан Мергенбай (-63 кг)
Эльдар Бірімбай (-74 кг)
Қола медальді Бейбарыс Қабылан (+87 кг) еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін ересектер арасындағы жарыста Қазақстан әйелдер құрамасы 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын. Атап айтқанда:
Айдана Құмартаева (-46 кг) – күміс
Нодира Ахмедова (49 кг) – қола
Мария Севостьянова (-53 кг) – қола
Айдана Сүндетбай (-57 кг) – қола
Назым Махмутова (+73 кг) – қола
Жалпы, халықаралық турнирге 30 елден 585 спортшы қатысты.
Фото: СДД