Түркиядан келген қазақ спортшысы енді басқа елде жұмыс істемек
Отандық таеквондоның танымал өкілі, Қазақстан спортының мақтанышы Жансель Дениз Сингапур ұлттық құрамасына бапкер ретінде қосылды. Кей деректерге сүйенсек, ол командада бас бапкер қызметін атқаруы мүмкін.
Жансель Дениз ресми түрде спорттық мансабын аяқтап, енді өз тәжірибесін жас спортшыларға үйретуге бағыттамақ. Оның жаттықтырушы ретіндегі алғашқы жарысы — 2025 жылғы әлем чемпионаты болмақ.
Жансель Дениз 1991 жылдың 26 тамызында Ақмола облысының Степногорск қаласында дүниеге келген.
Балалық шағында отбасымен бірге Түркияға қоныс аударып, сол елдің азаматтығын алған. Кейіннен тарихи отаны – Қазақстанға оралып, ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.
Ол +67 кг (OR) және –73 кг (WR) салмақ дәрежелерінде ел намысын қорғады.
Қазақстан құрамасындағы негізгі жетістіктері
2017 жыл – Универсиада финалисі
2018 жыл – Азия ойындарының финалисі
2021 және 2022 жылдар – Азия чемпионаттарының финалисі
2022 жыл – Клубтық Азия чемпионатының финалисі
2023 жыл – Азия ойындарының қола жүлдегері
World Taekwondo ұйымы өткізген халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері
2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасы және 2021 жылғы Токио Олимпиадасы қатысушысы
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Тарихи отанына оралғаннан кейін Жансель Дениз ел біріншіліктерінде Атырау облысы атынан сынға түсті. Өз мансабында ол Қазақстан таеквондосының дамуына елеулі үлес қосып, жас спортшылар үшін үлгі бола білді.
Енді ол халықаралық деңгейде бапкерлік қызметін бастап, Сингапур құрамасында жаңа белеске көтерілуге дайын.
Фото: instagram.com/cdtkd/
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған