Түркия турнирінде қазақстандық гимнасшылар өнер көрсетеді
Қазақстан құрамасы Түркияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын спорттық гимнасшыларды анықтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ертең, 12 наурызда, Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталады.
Қазақстан құрамасы бұл бәсекеге Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов, Нұрлан Ыдырысов, Роман Маметов, Амина Халимарден, Амели Мукушеваны қосты.
Жарысқа 42 елден 58 спортшы қатысады. Жарыс 15 наурыз күні мәресіне жетеді.
Айта кетейік, Әлем кубогының екінші кезеңі жақында Баку (Әзербайжан) қаласында өткен болатын. Сол жарыста қазақстандық гимнасшы Милад Карими еркін жаттығу мен кермедегі жаттығуда екі күміс медальді жеңіп алды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған