457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістанда триатлоннан Азия кубогы өтеді

Қазақстан құрамасы отандық турнирде 15 спортшымен өнер көрсетеді.

8 тамыз күні Түркістан қаласында триатлоннан Азия кубогының кезекті кезеңі ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстан құрамасы отандық турнирде 15 спортшымен өнер көрсетеді. Алдын ала өтінім тізіміне ұлттық құраманың көшбасшылары мен жас спортшылар енді.

Қазақстан намысын Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова, Темірлан Темиров, Его Крупяков, Арлан Жанабай, Максим Шмулич, Дарын Қонысбаев, Ельмұрат Қанай, Алинаби Маралбеков, Владислав Кельгин, Илья Крупяков, Аида Ким, Арина Шульгина, Рамина Агабаева және Вероника Иванюк қорғайды.

Түркістандағы дода қазақстандық спортшылар үшін халықаралық деңгейдегі тәжірибесін арттырып, өз жанкүйерлері алдында жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді.

Азия кубогының бұл кезеңіне құрлықтың үздік триатлоншылары қатысып, жүлделер үшін бақ сынайды.

Фото: ҰОК