457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістанда тарихи жарыс: Азияның 17 елінен 350-ден астам спортшы Қазақстанға келді

Түркістан қаласы 4-7 маусым күндері байдарка мен каноэде ескек есуден U18 және U23 жас санаттары, сондай-ақ параканоэ бойынша VI Азия чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Халықаралық дода арнайы есу арнасында өтеді.

Биылғы чемпионатқа Азияның 17 мемлекетінен 350-ден астам спортшы қатысатынын растады. Жарыс барысында ондаған медаль жиынтығы сарапқа салынып, құрлықтың үздік жас ескек есушілері анықталады.

Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде 58 спортшымен өнер көрсетеді. Команда құрамына тәжірибелі спортшылармен бірге болашағынан үміт күттіретін жастар да енгізілген.

Айта кетейік, Қазақстан бұл Азия чемпионатын алғаш рет өткізіп отыр. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай деңгейдегі жарыс елдегі ескек есу спортын дамытуға және халықаралық спорттық имиджді күшейтуге ықпал етеді.
 

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті