457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістанда көкпардан ІІ әлем чемпионаты өтеді

Көкпардан ІІ Әлем чемпионаты Түркістан қаласында 15-21 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлем біріншілігі ҚР Туризм және спорт министрлігі, Бүкіләлемдік «Көкпар» қауымдастығы, ҚР «Көкпар» федерациясы, Спортты қолдау қоры және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен ұйымдастырылуда.

Жарыс Бүкіләлемдік «Көкпар» қауымдастығының ережесімен және осы ұйым іріктеген төрешілер құрамымен өтеді. Чемпионатқа 10 елден спортшылар келеді деп күтілуде, әр елдің ұлттық құрама командалары ғана қатысады. Халықаралық доданың жалпы жүлде қоры 30 000 000 теңгені құрайды.

Аталған жарыста ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері іріктелді. Оның ішінде, Есжан Құрманбай (Жамбыл облысы), Ернат Мәлімбай (Жамбыл облысы), Асылжан Мамыт (Түркістан облысы), Нұрислам Төлеп (Түркістан облысы) сынды шабандоздар бар.

Көкпардан тұңғыш әлем чемпионаты 2017 жылы EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен болатын.

Түркістан қаласының жаңа атшабарында 16 наурызда топтық ойындар басталады, финалдық кездесу 21 наурызға жоспарланған. Ойындар Qazsport арнасында және осы арнаның youtube каналында тікелей көрсетіледі.

 

Фото: Мақсат Шағырбай