Туризм және спорт министрлігі Абай облысына жаңа спорт басшысын бекітті
Туризм және спорт министрлігі Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Министрлік жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Бақыт Бекбосыновтың кандидатурасына келісім берді.
Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спорттын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Темірлан Анарбеков футбол рейтингінде бірінші сатыға тұрақтады
Ең көп оқылған