457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Триатлоннан қазақстандық спортшылар Азия кубогында жүлдеге ие болды

Жасөспірімдер 750 метр жүзу, 20 шақырым веложарыс және 5 шақырымға жүгірді.

8-9 тамыз күндері аралығында Түркістан қаласында өткен Азия кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілдері ересек және жасөспірімдер санатында жүлдегерлерді анықтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Ерлер арасындағы жарыста қатысушылар 1,5 шақырым жүзу, 40 шақырым веложарыс және 10 шақырым жүгіруде сынға сынға түсіп, Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай 01:47:07 нәтижесімен екінші орынға ие болды.

Жасөспірімдер 750 метр жүзу, 20 шақырым веложарыс және 5 шақырымға жүгірді. Нәтижесінде ерлер бәсекесінде Рамазан Айнегов пен Гор Деперешмидт алғашқы алтын мен күміс жүлдені бөлісті. Арулар арасында Алуа Нұрмұхамет топ жарса, Ксения Шнайдер күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, 2 күнге жалғасқан Азия кубогында 22 елден 125 спортшы тіркелді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы