13-14 маусым күндері Қытайдың Сюйчжоу қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігінде спортшылар ересектер, жасөспірімдер және 15 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыс бағдарламасына «суперспринт» дисциплинасы енгізілген. Қатысушылар қысқа қашықтықтағы сайыста Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.
World Triathlon халықаралық федерациясы жариялаған алдын ала тізімге сәйкес, Қазақстан құрамасы келесі спортшылардан жасақталған:
Ересектер құрамасы: Арлан Жаңабай, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Аян Бейсенбаев және Диана Ержанова.
Жасөспірімдер құрамасы: Гор Депершмидт, Рамазан Әйнегов, Еламан Балабаев, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер және Алуа Нұрмұхамет.
15 жасқа дейінгі спортшылар: Матвей Павлов, Хайдар Исмаилбаев, Айтуған Күмікбаев, Александр Суховольский, Алтынай Нұрланқызы және Ясмина Бузуртанова.
Құрлық чемпионаты 13-14 маусым аралығында өтеді.
Фото: ҰОК