Трамп ирандық футболшыларға баспана беруді ұсынды
АҚШ президенті Donald Trump Австралияны Азия кубогына қатысып жатқан Иран әйелдер құрамасының футболшыларына баспана беруге шақырды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол бұл туралы өзінің Truth Social желісінде жазды.
Трамптың айтуынша, егер футболшылар Иранға күштеп қайтарылса, олардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан ол Австралия билігін оларға саяси баспана беруге үндеді. Сондай-ақ, егер Австралия мұндай шешім қабылдамаса, АҚШ оларды қабылдауға дайын екенін айтты.
Бұған дейін BBC және CNN дерегіне сүйенсек, Иран құрамасының бес мүшесі турнир өтіп жатқан Австралиядағы қонақүйден кетіп, қауіпсіз жерде екені хабарланған.
Айта кетейік, AFC Women's Asian Cup турнирінде Иран құрамасы топтық кезеңдегі үш матчтың барлығында жеңіліп қалды. Ал алғашқы ойында футболшылар елдің әнұранын айтудан бас тартқан.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған