Сегіз дүркін әлем чемпионы Михаэль Шумахер енді төсекте танулы жатпайды. Ұзақ уақыт дәрігер бақылауында болған оның беті бері қарап, арбаға отыра алатын болды. Бұл туралы Daily Mail газетінде хабарланды, деп хабарлайды malimsports.kz.
2013 жылдың желтоқсанында Шумахер Альп тауларында шаңғы тебу кезінде бас-миынан ауыр жарақат алып, комаға түскен еді. 2021 жылы Netflix-тегі деректі фильмде оның әйелі мен ұлы гонщиктің өздігінен қозғала алмайтынын және адамдармен толық қарым-қатынас жасай алмайтынын айтқан.
Алайда Daily Mail мәліметіне қарағанда, Шумахер енді төсекте жатпай, Мальоркадағы үйінде терапевт пен медбике көмегімен мүгедектер арбасымен қозғала алады.
57 жастағы Шумахер 1996-2006 жылдары Ferrari командасында өнер көрсетіп, бес рет қатарынан әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар ол Benetton командасымен 1994 және 1995 жылдары екі дүркін әлем чемпиондығын жеңіп алған.
Фото: Getty Images