Төрт дүркін Олимпиада чемпионы екінші баласын дүниеге әкелді
Норвегиялық шаңғышы, төрт дүркін Олимпиада чемпионы Тереза Йохауг екінші рет ана атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы спортшы өзі мәлімдеді. 37 жастағы Йохауг сенбі күні перзентханадан бейнебайланыс арқылы салтанатты кешке қатысып, құрметті марапатқа ие болған. Сол күні ол ұл баланы дүниеге әкеліп, есімін Нильс деп қойған. Айта кетейік, 2023 жылы спортшының Кристин есімді қызы дүниеге келген болатын.
«Мұндай күндер жиі бола бермейді… Бір күнде әрі жас ана, әрі марапат иегері болу – ерекше сезім. Мені қолдаған және қиын сәттерде жанымнан табылған барша жанға алғыс айтамын. Бұл күнді өмір бойы ұмытпаймын», - деп жазды Йохауг әлеуметтік желіде.
Тереза Йохауг кәсіби спорттық мансабын 2022 жылы аяқтаған еді, алайда 2024 жылы қайта оралып, Норвегияда өтетін 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін жаттығуларын жаңғыртқан. Алайда мамыр айында ол 2026 жылы Италияда өтетін Олимпиада ойындарына қатыспайтынын мәлімдеді. Спортшы бұл шешімін отбасына көбірек уақыт бөлгісі келетіндігімен түсіндірді.
Йохауг шаңғы тебуден 14 дүркін әлем чемпионы, әлем кубогының үш дүркін жеңімпазы және шаңғы спортындағы ең табысты спортшылардың бірі саналады.
Фото: Gettyimages
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған