Қазақстандық хоккей клубы Ұлыбританияда өтіп жатқан Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңіндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бірінші ойында отандастарымыз Дания чемпионы – Хернинг қаласының «Блю Фокс» командасымен кездесіп, бастапқы есептен кейін ойынды өз пайдасына шешті. Андрей Корабейников шәкірттері қарсылас есеп ашқаннан кейін таразы басын теңестіріп қана қоймай, қатарынан бес жауапсыз шайба соғып, кездесуді 6:2 есебімен аяқтады.
Топтық кезеңдегі келесі ойында қазақстандық клуб Францияның «Анже Дакс» командасына қарсы мұз айдынына шығады.
Фото: Хоккей федерациясы