457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев үстел теннисі мен йогамен тұрақты айналысып 9 келі салмақтан арылғанын айтты

Мемлекет басшысы ТМД елдеріндегі әріптестерінің арасында спортқа жақын президенттер туралы да айтты.

«Turkistan» газетінде сұхбат берген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің спортпен тұрақты айналысатыны туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz

Мемлекет басшысы йогаға ден қойғанын атап, сондай-ақ, аптасына екі рет үстел теннисін ойнатынын жеткізді.

«Денсаулығым жақсы, қан қысымым қалыпты. Күн сайын йогамен шұғылдануды әдетке айналдырдым, бірақ медитация жасамаймын. Бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін болдым», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы ТМД елдеріндегі әріптестерінің арасында спортқа жақын президенттер туралы да айтты.

«Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қарсы әдемі әдіс жасап, аға буынның абыройын көтеріп тастады. Әлиев те мықты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жаттығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды екен. Кезінде теңіз-әскери күштерінде болып, әбден шыныққан Рахмонның да денсаулығы жақсы. Бір сөзбен айтсам, әріптестерімнің бәрі де бабында», - деді президент.

Фото: Ақорда