Тоқаев Бибісара Асаубаеваны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
«Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді. Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады. Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева бұған дейін 2021 және 2022 жылдары блиц шахматтан әлем чемпионы атанған болатын. Осылайша, ол бұл беделді атақты үш рет жеңіп алған санаулы шахматшылардың қатарына қосылды.
2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан әйелдер арасындағы блиц шахматтан әлем чемпионаттары тарихында үш дүркін әлем чемпионы атағына тек Екатерина Лагно мен Бибісара Асаубаева ғана қол жеткізген.
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған