457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев әлем чемпионатынан үш алтын алған Кристина Шумекованы құттықтады

Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы үшінші алтын медалін жеңіп алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өткен әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент қазақстандық спортшының үш алтын медаль жеңіп алып, абсолютті әлем чемпионы атануын отандық спорт тарихындағы ерекше жетістік ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай табыс – спортшының табиғи таланты мен табанды еңбегінің, темірдей тәртібі мен жеңіске деген мұқалмас жігерінің жемісі.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Кристина Шумекованың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы үшінші алтын медалін жеңіп алып, жарыстың абсолютті чемпионы атанды.