457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ТМД елдері ойындары: жүзу мен стенд атудан қоржынға 9 жүлде түсті

Әзірбайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр.

Әзірбайжанның бірнеше қаласында III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz
Бүгін Гянджа қаласында өтіп жатқан жүзуден жарыста біздің спортшылар тағы 5 медаль (3 күміс, 2 қола) жеңіп алды. Жүлдегерлер қатарында Тайисия Короткова (кешенді жүзу, 200 м), Маргарита Зайцева (шалқалай жүзу, 50 м), Тайисия Короткова (баттерфляй, 50 м) күміс медаль иеленді. Ад Әлихан Құттымұрат (еркін стиль, 100 м), Қазақстан құрамасы (4×100 эстафета аралас стиль) қола жүлдеге қол жеткізді. Команда құрамы - Тайисия Короткова, Маргарита Раенко, Маргарита Зайцева, Ева Миленина сынды үздіктерден құралған. 
Жүзуден жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов қатысты.
Ал Габала қаласында стенд ату сынында Ұлттық құрама 4 қола жүлдеге ие болды. Олардың қатарына енген атлеттер есімін назарларыңызға ұсынамыз: 
Скит соло: Лидия Башарова
Скит соло: Ратмир Еникеев
Трап соло: Наргиза Сарманова
Трап соло: Богдан Конченко. 

Фото: Спортты дамыту орталығы