457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тимур Турлов Бибісара Асаубаеваға неге қаржылай қолдау көрсетпегенін түсіндірді

Қазақстан шахмат федерациясының президенті әрі кәсіпкер Тимур Турлов шахматшы Бибісара Асаубаеваның қаржыландыру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасында ол спортшыны жеке қаражаты есебінен қолдамау шешімінің себебін түсіндіріп, федерация тарапынан бөлінетін қаржы кәсіби мансапты жалғастыру үшін жеткілікті деп есептегенін айтты.

Турловтың сөзінше, бұл шешім тек оның жеке ұстанымы емес. Ол мәселені Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) өкілдерімен және бірқатар ірі шахмат федерацияларының басшыларымен талқылаған.

Мен үшін бұл – қайырымдылық. Ал шахматтан тұрақты табыс табу үшін жүлде қорынан бөлек коммерциялық демеушілер қажет. Мұндай демеушілер бар, бірақ олармен жұмыс істей білу керек, – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова шахматшының Лондонда Тимур Турловпен кездесіп, қаржылай қолдау мәселесін көтергенін, алайда өтініші мақұлданбағанын айтқан болатын.

Бұл жағдайға қатысты Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев та пікір білдірген еді. Оның айтуынша, соңғы уақытта кейбір танымал спортшылар мұндай мәселелерді жауапты мемлекеттік органдармен талқылаудың орнына әлеуметтік желілерде жиі көтеретін болған.

Серік Жарасбаев қосымша қаржыландыру мәселесі кей жағдайда спорттағы негізгі мақсаттардан басым түсіп кететінін де атап өтті.

 

Фото: Sportnews.kz