Мәзір
Жаңалықтар

Теннисші Рыбакина Соболенкомен кездесуде жеңіліп қалды

Сабина Асқарқызы 212 қаралым
Теннисші Рыбакина Соболенкомен кездесуде жеңіліп қалды

Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан теннистен WTA 1000 сериясындағы турнирде қазақстандық Елена Рыбакина (№9) 1/4 финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

1bol.kz-тің жазуынша, алғашқы сетті қос теннисші тең бастаған. Есеп 3:3 болғанда Рыбакина жиі қателесіп, қатарынан үш геймде жеңілді.

Ал, екінші сетте беларустық теннисші үш рет брейк жасап, өзі де қарсыласының бір брейк жасауына мүмкіндік берді. Қорытынды есеп – 6:3, 6:3.

Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.

Айта кету керек, Уханьдағы турнирде Рыбакина алдымен румындық Жаклин Кристианды (№48) жеңсе, артынша Чехия теннисшісі Линда Носкованы (№17) жарыс жолынан шығарды.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 3,65 миллион долларды құрайды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар