УЕФА Чемпиондар лигасының редакторлары турнирдің жалпы кезеңіндегі алтыншы тур қорытындысы бойынша «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтің өнерін жоғары бағалады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Алматылық клуб қақпашысы «Олимпиакосқа» қарсы кездесуде жасаған екі әсерлі сейв арқылы турдың үздік сәттері қатарына енді. Жалпы алғанда, Темірлан бұл матчта қарсыластың сегіз қауіпті соққысын қайтарып, командасын бірнеше мәрте голдан құтқарып қалды.
Айта кетейік, бұған дейін «Олимпиакостың» француз қорғаушысы Жюлиан Бьянкон да Астанада өткен кездесуден кейін Анарбековтің өнерін ерекше атап өткен болатын. Ол қазақстандық қақпашының сегіз сейв жасағанын айрықша көрсеткіш ретінде бағалады.
Сонымен қатар Темірлан Анарбеков Қазақстан футболы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында «матчтың үздік ойыншысы» атағын иеленген қақпашы ретінде тіркелді.
Фото: ФК "Қайрат"