Грузияның Тбилиси қаласында өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне Қазақстан құрамасының қатысатын спортшылары анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, беделді жарысқа әлемнің 55 елінен 450-ден астам дзюдошы қатысуға өтінім берген.
Қазақстан құрамасының құрамы:
60 кг дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 кг дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 кг дейін: Аңсарбек Гайнуллин, Әнуар Жұмангелдин
81 кг дейін: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
90 кг дейін: Барақ Арқабай
100 кг дейін: Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
100 кг жоғары: Еламан Ерғалиев
Айта кетейік, дзюдодан Grand Slam турнирі 20-22 наурыз күндері Тбилиси қаласында өтеді.
Фото: ҰОК