457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Таяу Шығыстағы екі «Формула-1» жарысы өтпеуі мүмкін

Төртінші кезең 12 сәуірде Бахрейнде өтеді деп жоспарланған.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына байланысты Таяу Шығыста жоспарланған «Формула-1» жарыстарының өтпеу қаупі жоғары. Бұл туралы BBC хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Басылым мәліметінше, биылғы маусымдағы Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы жарыстарды өткізу мүмкіндігі өте төмен. Себебі бұл жарыстарға қатысты шешім алдағы екі апта ішінде қабылдануы керек, ал күнтізбеде жарысты басқа мерзімге ауыстыратын бос уақыт жоқ.

Төртінші кезең 12 сәуірде Бахрейнде өтеді деп жоспарланған. Ал Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы жарыс 19 сәуірге белгіленген.

Маусымның алғашқы үш кезеңі 8 наурызда Австралияның Мельбурн қаласында, 15 наурызда Қытайдың Шанхайында және 29 наурызда Жапонияның Сузукасында өтеді. Осыдан кейін жарысқа арналған жабдықтар теңіз арқылы Таяу Шығысқа жеткізілуі тиіс.

Дегенмен, әскери қақтығыстар ресми түрде тоқтатылғанның өзінде, Бахрейн мен Джиддадағы жарыстарды өткізу қауіпі тым жоғары деп бағалануы мүмкін.

Егер бұл жарыстар өткізілмесе, «Формула-1» шамамен 100 миллион доллар көлеміндегі қабылдаушы елдердің жарнасынан айырылуы ықтимал.

Балама нұсқа ретінде Португалиядағы Портиман, Италиядағы Имола немесе Ыстанбұлдағы жарыстар қарастырылған. Алайда оларды қысқа мерзімде ұйымдастыру мүмкін емес. Сондай-ақ Жапониядағы Сузука трассасында екінші жарыс өткізу мәселесі де талқыланған.

«Формула-1» ұйымы жарыстарды өткізуде ең басты басымдық – қатысушылардың қауіпсіздігі екенін мәлімдеді.

Фото: Getty Images