Ташкент Гранд слэмі: екінші жарыс күнінде қазақ балуандары жүлдесіз қалды
Ташкент қаласында өтіп жатқан Гранд Слэм (дзюдо) турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан құрамасының төрт балуаны да жүлдеге іліге алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Олардың үшеуі алғашқы айналымда жеңілсе, біреуі екінші кезеңде жарыс жолынан шықты.
73 келіде белдескен Әнуар Жұмагелдин алғашқы белдесуінде румыниялық қарсыласына есе жіберді. Осы салмақтағы Аңсарбек Ғайнулин бірінші кездесуінде неміс спортшысын жеңгенімен, кейін жапон балуанынан ұтылып қалды.
81 келіде Асқар Нарқұлов канадалық Франсуа Готье Драпоға жол беріп, жарысты ерте аяқтады. Ал осы салмақтағы Мәди Амангелді алғашқы айналымда қытайлық Цзяннань Ванға қарсы тұра алмады.
Осылайша, ұлттық құрама балуандары Ташкенттегі турнирде екі күн қатарынан ширек финалға жете алмай отыр.
1 наурыз күні татамиге тағы төрт қазақстандық спортшы шығады.
Фото: ijf.org
Роналдудың жарақатына байланысты Мадридке емделуге аттанғаны белгілі болды
Ең көп оқылған